Мемлекеттік Тулардың көрмесі Май ауданында

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Май ауданының орталығы Көктөбе ауылының аудандық мәдениет үйінде әлемнің, өңірлердің және қалалардың Мемлекеттік Туларының көрмесі ашылды.
Іс-шара аудандық ішкі саясат бөлімінің қатысуымен, «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі және Май аудандық филиалымен, Май аудандық тарихи-өлкетану мұражайы және «Армандастар» жастар орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шара азаматтарға Отанымыздың Туынның сұлулығы мен қадір-қасиетін еске түсіріп қана қоймай, сонымен қатар барлық қызығушылығы оянған қонақтарды шет елдердің туларымен таныстыруға арналған. Үлгілер География үйінде сақталады.
Көрмеде ұсынылған барлық дерлік мемлекеттік символдар осы әрбір экспозицияда көрсетілген қалалардан, елдерден және аймақтардан әкелінген. Көрменің келушісі Қазақстан туының авторы Қазақстанның танымал дизайнері және суретшісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков екенін, сондай-ақ Замбияның Мемлекеттік Туында Қазақстанның туында бейнеленген жыртқыш құс қыран бейнеленгенін біледі.
Көрмеге келушілерге Люксембург Ұлы Герцогтігінің өз туының бар екенін ғана емес, сол мемлекетпен аттас астанасында да туы бар екенін білу қызықтыратын болады. Экспозицияда «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің туы да бар.
Әрбір экспонаттың өз тағдыры бар, себебі ту бір адаммен жеткізілді, сақтауға тапсырылып, Павлодар география үйіне сыйланды, сондықтан олардың әрқайсысындағы жапсырма тек шүберекті және оның нышандарын ғана сипаттамайды, сонымен қатар туды кім және қай жерден әкелінгені туралы қысқаша сипатталады. Көрменің жұмысымен аудан әкімі А.Қантарбаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Түсіпбекова, облыстық кітапхана қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары танысты.
Көрме аудан тұрғындары үшін ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін жалғасын табады.

Поделиться в соц. сетях

Share to Facebook
Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki